Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тақырыбында жиналыс өткізілді

2018 жылдың 29 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Мустафин мен  Тергеу басқармасының басшысы А.Абакаровтың және Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші — қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымдарының қатысуы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру

 2018 жылдың 31 мамырында департамент қызметкерлеріне Құқықтық білім беру шеңберінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуға бағытталған актілер бойынша жалпы құқықтық оқытудың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы – Хайруллин Біржан Марданұлының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру жүргізілді.

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығын түсіндіру

2018 жылдың 14 мамырында департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі - Нәси Сырым Қажымұратұлының қатысуымен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы түсіндірілді.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.     МАЗМҰНЫ

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заң талаптарын түсіндіру

2018 жылдың 29 наурызында департамент қызметкерлеріне Құқықтық білім беру шеңберінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуға бағытталған актілер бойынша жалпы құқықтық оқытудың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі - Ибрашев Бауыржан Сагидоллаұлының қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы талаптарын түсіндіру жүргізілді.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заң талаптарын түсіндіру

2018 жылдың 26 ақпанында департамент қызметкерлеріне Құқықтық білім беру шеңберінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуға бағытталған актілер бойынша жалпы құқықтық оқытудың 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасының өкілі Байкатов Марсель Мырзакельдиевичтің қатысуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы талаптарын түсіндіру жүргізілді.

Құқықтық оқытудың 2018 жылға арналған ЖОСПАРЫ

БЕКІТЕМІН
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің  басшысы
 _______________________С.Төлегенов
«__10__»  ___қаңтар____  2018 жыл
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ

БЕКІТЕМІН
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің  басшысы
_______________________С.Төлегенов
« _10_ » ____ қаңтар____  2018 жыл
 
 

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес туралы жыл бойы өткен дәрістерді, дөнгелек үстелдерді, профилактикалық шараларды, семинар-кеңестерді қорытындылау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 21 желтоқсан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің кезекті жиыны өткізілді.
Жиында бас маман – заңгер консульт  Т.Асылбеков «Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес туралы жыл бойы өткен дәрістерді, дөнгелек үстелдерді, профилактикалық шараларды, семинар-кеңестердің қорытындысы»  туралы баяндама жасады.

Беттер