Жыл басында департамент басшысымен бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 06-07 ақпаны күндері Қаратөбе ауданында № 2 бөлімі науқастар мен мүгедектерді куәландырудан өткізу мақсатында көшпелі отырыстар өткізді. Барлығы 19 адам куәландырудан өткізіліп, мемлекеттік кызмет көрсетілді.

10.02.2020 - 09:42
Өзгертілді: 10.02.2020 - 09:42

2020 жылдың 7 ақпанында мүгедектерді оңалту және мүгедектіктің алдын алу бойынша өңірлік жоспарының сұрақтарымен медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық және бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және қалалық медициналық мекемелерінің ДКК төрайымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

10.02.2020 - 09:36
Өзгертілді: 10.02.2020 - 09:36

2020 жылдың 7 ақпан күні сағат 15.00-де кезекті «Халық заңгері» акциясы өтеді!

Акция барысында мемлекеттік органдардың өкілдері және тәжірибелі заңгерлермен білім саласы бойынша құқықтық мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегі көрсетіледі.

Аталған акция ай сайын әр сала бойынша тұрақты түрде өткізілетін болады.

Өтетін орны: БҚО, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 89/1 үй,
«ANTIKOR ORTALYGY», 2 қабат.

Анықтама үшін телефондары: 8 (7112) 98 47 57.
WhatsАpp 8 701 182 17 77. 

07.02.2020 - 06:52
Өзгертілді: 07.02.2020 - 06:52

Беттер