2016 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2016 жылы Еңбек әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне 993 жазбаша өтініштер келіп түсті. Азаматтардың хаттарында қойылған өзекті мәселелердің көбі – зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік топтарын қайта қарау.

Өтініш білдіргендердің арасында: 35 - зейнеткерлер, 46 - мүгедектер, 3 - жұмыссыздар, 152 -  азаматтар, 650 – мемлекеттік мекемелер, 6 – БАҚ, 38 - басқа мекемелер, 1- ұжымдық арыз,1-еңбек ардагері, 1-чернобыл АЭС қатысушы.

Бұл ретте түскен өтініштер - 173, шағым – 48, сұраныс және  ұсыныс хаттары - 712.

Өтініш иелеріне жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде қайтарылады.

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің: қанағаттандырылғаны - 19, түсіндірілгені - 194, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны - 26, қарауды қысқартылғаны – 2.

Заңды тұлғалардан келіп түскен хаттардың: қанағаттандырылғаны – 1, түсіндірілгені - 19, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны – 672.

Өтініштердің қарау мерзімі үнемі бақыланып отырады. Жеке қабылдауда 27 адам қабылданды. Өтініш білдіріп келген азаматтарға тиісті түсіндірмелер мен кеңестер беріледі.