2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Еңбек әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне 449 жазбаша өтініштер келіп түсті, 3 өтініш 2015 жылдың қалдығы.

Азаматтардың хаттарында қойылған өзекті мәселелердің көбі – зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік топтарын қайта қарау.

Өтініш білдіргендердің арасында: 14 - зейнеткерлер, 13 - мүгедектер, 2 - жұмыссыздар, 93 -  азаматтар, 320 – мемлекеттік мекемелер, 2 – БАҚ, 3 - басқа мекемелер.

Бұл ретте түскен өтініштер - 98, шағым – 5, сұраныс және  ұсыныс хаттары - 341.

Өтініш иелеріне жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде қайтарылады.

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің: қанағаттандырылғаны - 1, түсіндірілгені - 100, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны - 16, қарауды қысқартылғаны - 1, қаралу үстінде - 5.

Заңды тұлғалардан келіп түскен хаттардың: түсіндірілгені - 9, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны - 311, қаралу үстінде - 6.

Өтініштердің қарау мерзімі үнемі бақыланып отырады. Жеке қабылдауда 16 адам қабылданды. Өтініш білдіріп келген азаматтарға тиісті түсіндірмелер мен кеңестер беріледі.