2015 жылдың 1 жартыжылдық жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2015 жылдың 1 жартыжылдығында БҚО бойынша Еңбек әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне 512 жазбаша өтініштер келіп түсті, 1 өтініштер 2014 жылдың қалдығы.

Азаматтардың хаттарында қойылған өзекті мәселелердің көбі – жалақы төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару, зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік топтарын қайта қарау.

Өтініш білдіргендердің арасында: 30 зейнеткерлер, 36 мүгедектер, 5 жұмыссыздар, 48 ҚР азаматы, 377 заңды тұлғалар.

Бұл ретте өтінішпен келгендер 98 тұлға, шағыммен келген 5 тұлға, сұраныс және  ұсыныс хаттармен  -410.

Өтініш иелеріне жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде қайтарылады.

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің: қанағаттандырылғаны 1, түсіндірілгені 104, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны 10, қарауды қысқартылғаны 1, қаралу үстінде 3.

Заңды тұлғалардан келіп түскен хаттардың: түсіндірілгені 8, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны 381, қарауды қысқартылғаны 3.

Өтініштердің қарау мерзімі үнемі бақыланып отырады. Жеке қабылдауда 15 адам қабылданды. Өтініш білдіріп келген азаматтарға тиісті түсіндірмелер мен кеңестер беріледі.