2014 жылдың 1 жартыжылдық жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2014 жылдың 1 жартыжылдығында БҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау  департаментіне 469 жазбаша өтініштер келіп түсті, 2 өтініштер 2013 жылдың қалдығы.

Азаматтардың хаттарында қойылған өзекті мәселелердің көбі – жалақы төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару, зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік топтарын қайта қарау.

Өтініш білдіргендердің арасында: 40 зейнеткерлер, 17 мүгедектер, 8 жұмыссыздар, 27 ҚР азаматы, 377 заңды тұлғалар.

Бұл ретте өтінішпен келгендер 68 тұлға, шағыммен келген 6 тұлға, сұраныс және  ұсыныс хаттармен  - 395.

Өтініш иелеріне жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде қайтарылады.

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің: қанағаттандырылғаны 1, түсіндірілгені 80, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны 11, қарауды қысқартылғаны 1, қаралу үстінде 2.

Заңды тұлғалардан келіп түскен хаттардың: түсіндірілгені 8, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны 367, қарауды қысқартылғаны 1.

Өтініштердің қарау мерзімі үнемі бақыланып отырады. Жеке қабылдауда 22 адам қабылданды. Өтініш білдіріп келген азаматтарға тиісті түсіндірмелер мен кеңестер беріледі.