2012 жылдың І жартыжылдық жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2012 жылдың І жарты жылдығында БҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау  департаментіне 1555 жазбаша өтініштер келіп түсті, 53 өтініштер  2011 жылдың қалдығы.

Азаматтардың хаттарында қойылған өзекті мәселелердің көбі – жалақы төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару, зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік топтарын қайта қарау.

Өтініш білдіргендердің арасында: 624 азамат, 68 зейнеткерлер, 44 мүгедектер, 85 ұжымдық арызданушылар , 138 заңды тұлғалар, 591 не резидент, 3 еңбек ветераны, 2 ҚР азаматы.  

Бұл ретте өтінішпен келгендер 743 тұлға, шағыммен келген 46 тұлға, анонимді арызбен – 1 тұлға, сұраныс және  ұсыныс хаттармен  - 766

Өтініш иелеріне жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде қайтарылады.

Қаралған сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

  • Мемлекеттік еңбек инспекциясы- 757.
  • Әлеуметтік және зейнетақы қамсыздандыру -788
  • Басқа өтініштер -10

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің қанағаттандырылғаны 201,түсіндірілгені 394, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны 60, қарауды қысқартылғаны 149, қаралу үстінде 67.

Заңды тұлғалардан келіп түскен хаттардың қанағаттандырылғаны 42, түсіндірілгені 102, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны 585, қарауды қысқартылғаны 1, қаралу үстінде 7.

Өтініштердің қарау мерзімі үнемі бақыланып отырады. Жеке қабылдауда 23 адам қабылданды. Өтініш білдіріп келген азаматтарға тиісті түсіндірмелер мен кеңестер беріледі.