2012 жылдың жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2012 жылы БҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне 3017 жазбаша өтініштер келіп түсті, 53 өтініштер 2011 жылдың қалдығы.

Азаматтардың хаттарында қойылған өзекті мәселелердің көбі – жалақы төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару, зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік топтарын қайта қарау.

Өтініш білдіргендердің арасында: 1334 азамат, 115 зейнеткерлер, 62 мүгедектер, 159 ұжымдық арызданушылар, 234заңды тұлғалар, 1107 не резидент, 4 еңбек ветераны, 2 ҚР азаматы.  

Бұл ретте өтінішпен келгендер 1550 тұлға, шағыммен келген 76 тұлға, анонимді арызбен – 1 тұлға, сұраныс және  ұсыныс хаттармен  - 1391.

Өтініш иелеріне жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берген тілде қайтарылады.  

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің қанағаттандырылғаны  479,түсіндірілгені 737, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданған 143, қарауды қысқартылғаны 321, қаралмастан есептен шығарылды 1,қаралу үстінде 38.

Заңды тұлғалардан келіп түскен хаттардың қанағаттандырылғаны  64,түсіндірілгені 182, ведомостылық, аумақтық бағыныста жолданғаны 1087, қарауды қысқартылғаны 2, қаралмастан есептен шығарылды 1,қаралу үстінде 15.

Өтініштердің қарау мерзімі үнемі бақыланып отырады. Жеке қабылдауда 36 адам қабылданды. Өтініш білдіріп келген азаматтарға тиісті түсіндірмелер мен кеңестер беріледі.