Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ

БЕКІТЕМІН
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің  басшысы
_______________________С.Төлегенов
« _10_ » ____ қаңтар____  2018 жыл
 
 
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
 Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
 2018 жылға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
 
Іс-шаралар атауы
Орындалу
мерзімі
Орындауға жауапты
Аяқтау нысаны
1
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен табысы туралы декларациясын уақытында тапсырылуын қадағалау
31.03.2018 жылға дейін
Персоналды басқару жөніндегі маман
Тапсырғандығы туралы анықтаманы жеке істеріне тігу
2
Департаменттің «Сенім телефонын», азаматтарды қабылдау кестесін «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттеріне, интернет-ресурсқа жариялау
Жарты жылда бір рет
Департамент басшысы,
заңгер консульт
Газет беттеріне, интернет-ресурсқа ақпарат
3
«Сенім телефонының» жұмыс істеуін қамтамасыз ету, келіп түскен телефон қоңырауларын тіркеу, әрі қарай қарау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін хабарлау
Тұрақты
Заңгер консульт
 
Журналға жазу
4
Департаментте орналасқан азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшікті қарау
Тұрақты
Заңгер консульт
 
Журналға жазу
5
Азаматтарды қабылдауды жүргізу
Басшылық бекітілген кесте бойынша, басқалары күн сайын
Департамент басшысы,
орынбасарлары,
бөлім басшылары,
мамандар
Азаматтарды қабылдау карточкасын толтырып,
 тіркеуге тапсыру
6
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің қарау мерзімдері мен орындалу сапасына бақылауды күшейту
Тұрақты
Департамент басшысы,
орынбасарлары,
бөлім басшылары,
мамандар
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар беру
7
Халыққа сапалы әрі уақытылы мемлекеттік қызмет көрсету
Тұрақты
Департамент басшысы,
орынбасарлары,
бөлім басшылары,
мамандар
Тағайындау немесе бас тарту туралы шешімдер
8
Департаментте мемлекеттік қызметті алушылар арасында қанағаттанушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді анықтау үшін сауалнама жүргізу
Ай сайын
Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы,
Ақпарат
9
Сыбайлас жемқорлық көрiнiстері бойынша БАҚ-та Департамент қызметкерлерiне қатысты сыни басулар фактiлерi бойынша мониторинг жүргізу
 
Тұрақты
Персоналды басқару жөніндегі маман
Уәкілетті органға есеп
10
Мемлекеттік қызметшілер арасында, бөлімдерде мүдделер қағтығысына жол бермеу
 
Тұрақты
Персоналды басқару жөніндегі маман
Уәкілетті органға есеп
11
 
 
ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру үшін төмендегі жағдайды қамтамасыз ету:
   - мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптарды қатаң сақтау;
   - барлық мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен әділдігі;
 - жаңадан және қайтадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы;
 - мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
 - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;
    - мансапты жоспарлау, мемлекеттік қызметті меритократия және кәсібилік қағидаттары бойынша өткеруді ұйымдастыру.
Тұрақты
Персоналды басқару жөніндегі маман
Қажетті анықтамалар, мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріндегі мағлұмат
12
Мемлекеттік сатып алу процедураларының ашықтығын жоғарылату. Бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
Тұрақты
Қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы
 
Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, бағалы ұсыныстар, шарттар
13
Департамент мүлігіне түгендеу жүргізу
Жыл бойы
Түгендеу
комиссиясы
Түгендеу актілері
14
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, арнайы әлеуметтік қызметтер және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Тұрақты,
жоспар бойынша
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
Актілер, ұйғарымдар, хаттамалар
15
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық бақылауды тұрақты жүргізу мақсатында қызметкерлер есебінен құрылған «Нұр Отан» партиясы бақылау тобының жұмысын одан әрі жүргізу, түскен ұсыныс пікірлер бойынша талдау жасау.
Тұрақты,
жоспар бойынша
«Нұр Отан» партиясының
бақылау тобы
Ақпарат
16
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер ұйымдастыру
(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен (келісім бойынша)
Тоқсан сайын
Департамент басшысы,
заңгер консульт
Хаттамалар
17
Департамент қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
Жарты жылда бір рет
Жұмыс тобы,
заңгер-консульт
Анықтамалар
18
Құқықтық білім беру шеңберінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алуға бағытталған актілер бойынша жалпы құқықтық оқытуды қамтамасыз ету
Жоспар бойынша
Заңгер-консульт,
бөлім басшылары
(қажет болғанда құзіретті органның өкілдерін шақырылуымен)
Дәрістер,
хаттамалар
19
Департаменттің интернет-ресурсындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бөлiмін үнемі толықтыруды, жаңартуды қамтамасыз ету
Тұрақты
Заңгер-консульт
Жоспарлар, ақпараттар,  бейнероликтер
20
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жыл бойы өткен дәрістерді, дөнгелек үстелдерді, профилактикалық шараларды, семинар-кеңестерді қорытындылау
Желтоқсан
Заңгер-консульт
Хаттама