Еңбек заңнамасы саласына қатысты сұрақтарыңызға жауаптар

Кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек заңнамасына қатысты құқықтарының бұзылуына сәйкес, күні бүгінге дейін Департамент мекен-жайына 189-ға  жуық  арыз түскен, ал еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты 40-қа жуық өтініштер түскен болатын. Осыған қатысты былтыр 329-ға жуық еңбек қатынасы бойынша арыздар түскен болатын, алайда күні бүгінге салыстырғанда едәуір азайғандығы көрініп тұр. Егер де пайыздық қатынаспен алатын болсақ, 70% (пайызы) жеке кәсіпорындардың жұмысшыларынан түскен.

- Соның ішінді көп арыздар еңбек ақысының уақытылы төленбеуінен түскен. Сонымен қатар өтініштердің көбі жұмыстан шығару туралы бұйрықтармен таныстырылмау, кезекті еңбек демалыстарын бермеу, артық сағатқа үстеме ақы төлемеу, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлемеу және де еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама қағазға уақытылы төлемеу т.б., бірақ та бәрін біріктіргенде ондай көп көрсеткіштей болмайды. 87-ге жуық арыз бойынша жұмысшылардың заңға қайшы іс-әрекеттері мен  әрекетсіздіктері анықталды.

- Тексерістердің қорытындысы бойынша, ұйымдастырылған азаматтардың өтініштерімен мемлекеттік еңбек инспекторларымен ӘқБК-нің 87-бабы бойынша, 215-ке жуық лауазымды және заңды тұлғаларға  5426438 тенгеге жуық айыппұлдар салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Жұмыс берушінің  материалдық жауапкершілігі және  міндеттері әр бөлімде әр түрлі, мысалы:  қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi, жұмысшының еңбекке қатысты және де жұмыс барысында орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру, осының бәрі жұмыс берушінің міндеттері болып табылады. Осы талаптарды орындаудан жұмыс беруші бас тартатын болса мұнда бұл мәселелер, тек азаматтық кодекске  сәйкес сот арқылы шешілетін болады.

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс беруші міндетті, қызметкерлер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға, осының бәрі толық еңбек келісім шартында көрсетілуі тиіс.

Былтыр бір қызметкерден жұмыс барысында өз міндетін орындау барысында өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргені туралы бір арыз түскен болатын, бұл арыз мемлекеттік еңбек инспекторымен заңда көрсетілген уақыт бойынша  тексеріс жүргізіліп және де ӘқБК-нің 89-бабына сәйкес осы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауда жіберілген кемшіліктері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

- Ұжымдық шарттың негізгі принциптері: екі жақтың бір-бірімен құқығының теңдігі, кез-келген саулнамаларды еркін талдауға, осылардың бәрі ұжымдық шарттың мазмұнында көрсетіледі жене де ҚР еңбек заңнамасын екі жақты еркін таңдау және сақтау қажет.

Өткен жылда мемлекеттік еңбек инспекторларымен азматтардың өтініштеріне (разяъснения)  түсініктер беру жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.

Сонымен күні бүгінге дейін 1201-ге  жуық ұжымдық шарттар тіркелген, соның ішінде: 553-ке жуығы мемлекеттік кәсіпорындар ал,  648-ге жуығы кәсіпкерлік субъекті (соның ішінде 47- субъектісі ірі кәсіпорын, 330-субъектісі орта кәсіпкерлік, ал 176-субъектісі кіші кәсіпорындар). Сонымен қатар еңбек инспекторларымен тексеріс жүргізген кезде міндетті түрде ұжымдық шарттарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамсыз етудегі негізгі міндеттері қаралады. Ұжымдық шартта биыл қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамсыз етуде ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген. 

Кәсіпорындардың еңбек заңнамасындағы заң бұзушылықтар көбіне сестематикалық түрде болады және  де оларды тіркеу 2010 жылдағы құзіретті органдардың жүйесіне сәйкес қолданылып келеді.

Еңбек инспекторларының тексеріс қорытындылары бойынша тексерілетін субъектінің қай және қандай тәуекел тобына жататындығы және қандай еңбек заңнамаларын бұзғандықтарына байланысты айқындайды және егерде бұл субъектілер жоғары тәуекелге жататын болған жағдайда тексеріс жыл сайын жүргізіп отырады. Тексеріс қорытындысы бойынша егер кәсіпорын жоғары тәуекел тобына жататын болса 15-ұпаймен немесе одан да жоғары ұпаймен бағаланады. Күні бүгінге жоғары тәуекел тобына жататын 16-жуық жеке кәсіпорындар тіркелген.

Қаржылық жағынан мүмкіншілігі жоқ кәсіпорындарда мәселе басқа құзіретті органдармен шешілуі мүмкін немесе кәсіпорын өзін бонкрот деп жариялаған жағдаайда сотқа жүгіне алады.

Сонымен қатар орта және кіші бизнес субъектілері мониторингіне сәйкес бақылау және қадағалау органдары жие-жие жоспарлы тексерістерді жүргізуге болмайды, көбіне тексерістер түскен арыз, шағымдар бойынша жүргізіліп отырады. Осыған сәйкес, еңбек заңнамаларын бұзуға қатысты бірде бір  шағымдар бізбен қараусыз қалмайды.