Департамент ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

2020 жылдың 02 наурыз күні Департамент ұжымы «ANTIKOR ORTALYGY»-да Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері ұжымымен кездесті.

Шараға облыстық ақпарат-насихат Штабының жетекшісі, «Ауыл» партиясы БҚОФ төрағасы М.Т.Әнесов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысты.

М.Т. Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Б.М. Хайруллин қатысушыларды 2019 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа ең көп ұшыраған салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімн таныстырды.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы С.Д.Төлегенов Департамент басшылығына іс-шараны ұйымдастырғаны  үшін алғыс білдіріп, ұжымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу үшін барлық шараларды іске асыратынын жеткізді.

Қатысушыларға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Қазақ